Үкімет

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

07.09.2022 19:55

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.