Жаңалықтар

Экономика жүйеленсе азаматтардың әл-ауқаты да жақсарады - Марат Бәшімов

Экономика жүйеленсе азаматтардың әл-ауқаты да жақсарады - Марат Бәшімов
Фото: © ОКҚ 06.09.2023 13:00 1497

Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі міндет саясатты дамыту екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жолғы жолдауда экономика саласындағы реформаға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен бері әділетті қоғам, әділетті Қазақстан құру қағидатын жариялаған еді. Бұл жерде әділеттілік неде? Ол ең алдымен экономиканың қоғамға, қарапайым халыққа, мемлекетке кіріс әкелуі. Бұл үшін экономика жұмыс істеуі керек, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Марат Советұлының айтуынша, экономика – ол қозғалтқыш. Егер экономика жұмыс істей бастаса, демек салықтар, әлеуметтік салалар, азаматтардың әл-ауқаты жақсы көрініс таба бастайды. Биылғы жолдау негізінен Қазақстанның экономикалық дамуына бағытталған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет, - деген еді мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға