The Nobel Prize

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері жарияланды

Швецияның Корольдік ғылым академиясы жанындағы Нобель комитеті 2025 жылғы экономика саласындағы лауреаттарды атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Альфред Нобельдің құрметіне арналған экономика саласындағы сыйлықты (оны ХХ ғасырда Швецияның Мемлекеттік банкі тағайындаған) биыл америкалық-израильдік экономикалық тарихшы Джоэль Мокир, француз экономисі Филипп Агион және канадалық ғалым Питер Ховитт иеленді. Олар инновациялық экономикалық өсім теориясын түсіндіргені үшін марапатталды.

Сыйлық екі бағыт бойынша бөлінді:

  • «Технологиялық прогресс арқылы тұрақты өсімнің алғышарттарын анықтағаны үшін»;
  • «Шығармашылық күйрету (creative destruction) арқылы тұрақты өсім теориясын жасағаны үшін».

Комитет өкілдері:

Соңғы екі ғасырда адамзат тарихында алғаш рет тұрақты экономикалық өсімге куә болдық. Бұл миллиондаған адамдарды кедейліктен шығаруға және қазіргі өркендеудің негізін қалауға мүмкіндік берді. Биылғы лауреаттар Джоэль Мокир, Филипп Агион және Питер Ховитт инновацияның прогрестің басты қозғаушы күші екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді, - деп атап өтті.

Экономика бойынша Нобель сыйлығы – ерекше еңбегімен көзге түскен ғалымдарға беріледі. Бұл номинация Нобельдің түпкі өсиетінде болмаған: ол тек физиология, медицина, физика, химия, әдебиет және бейбітшілік салаларын қамтыған еді. Экономика сыйлығы кейінірек, 1968 жылы, Швецияның Мемлекеттік банкі құрылғанына 30 жыл толуына орай арнайы қосылған. Сол жылы банк Нобель қорына сыйлықтың ұйымдастырушылық шығындарын тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік беретін қаражат аударған.

Осылайша, экономика саласындағы марапатпен 2025 жылғы Нобель апталығы ресми түрде аяқталды.