Экологтар СҚО-да балықтардың жаппай қырылуының себебін атады
03.09.2023 02:20
Фото:
primeminister.kz
СҚО Экология департаменті жергілікті өзендерде балықтардың жаппай қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Питное көліндегі балықтардың ішінара өлімі өсімдіктердің шіруі кезінде пайда болған күкіртсутектің жиналуына байланысты болды. Ведомствоаралық жұмыс тобы осындай байламға келген.
Есіл өзенінде (Сергеев су торабы аймағында) балықтың ішінара өліміне ауа мен судың жоғары температурасы, нәтижесінде суда еріген оттегінің азаюы себеп болды, - делінген мәліметте.
Комиссия жергілікті атқарушы орган су айдынының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін су айдынының тұрақты мониторингін, артық өсімдіктерді шабу және аэрация жүргізу бойынша мелиорациялық жұмыстарды жүргізуді ұсынды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

