Жаңалықтар

Киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды

Кеңеске ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты
Киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері талқыланды
Фото: gov.kz 15.07.2022 09:56 1775

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің төрағалығымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағана, Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты.

Киікті сақтау тұрғысынан, оны қорғай отырып, орынды пайдалану кезінде киік таралымының барынша мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды болады.

«Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Аталмыш жұмыс басталып кетті және министрлікпен, барлық мүдделі тараптардың бақылауымен, жұртшылықты хабардар ете отырып жүргізілетін болады»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жиында Серікқали Брекешев Ауыл шаруашылығы министрлігіне жабайы аңдар келтірген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселелерін қарау қажет екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға