Жаңалықтар

Экология және табиғи ресурстар министрі БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті

Экология және табиғи ресурстар министрі БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 06.10.2023 06:41 1013

Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, биоәртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ағымдағы басымдықтары талқыланды.

Сондай-ақ, ынтымақтастықтың болашақ салалары, атап айтқанда, Париж келісімінің көміртегі квоталары саудасының нарықтық тетіктері жөніндегі 6-бабын талқылау бойынша бірлескен жұмыс және мүдделі тараптардың қатысуымен 2023 жылғы 11-13 қазан аралығында қажетті консультациялар өткізу айқындалды.

Сонымен қатар, қар барысы популяциясын сақтау, тұран жолбарысын реинтродукциялау жобаларын іске асыруды және қаржыландыруды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға