Жаңалықтар

Экология вице-министрі қарағандылық балық шаруашылығы өкілдерімен кездесті

Ведомство өкілі саладағы өзекті мәселелерді талқылады
Экология вице-министрі қарағандылық балық шаруашылығы өкілдерімен кездесті
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 13.01.2023 05:19 1146

Қарағанды облысының Балқаш қаласында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Шалабекова Ақтоғай ауданының балық шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.  

Кездесу барысында өңірдегі балық шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды. Вице-министр кездесуде қатысушыларды балық шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралары мен перспективалары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұжымымен кеңес өткізілді. Инспекция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимылда ашықтық қағидаттарын сақтауға, жұртшылықтың ұсыныстарын ескеруге және саланы дамыту бойынша мемлекет тарапынан қабылдаған шаралар туралы тұрақты негізде хабардар ету ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға