Жаңалықтар

Экология министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Министр Жамбыл облысы бойынша мәселелерді сөз етті
Экология министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Фото: ҚР ЭГТРМ 12.11.2022 23:00 1584

Экология министрі Серікқали Брекешев 12 қарашада республиканың оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары барысында Тараз қаласында Жамбыл облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың, қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Тұрғындардың наразылығын тудыратын тағы бір мәселе – бұл Тараз қаласында кәріздік тазарту құрылғыларының болмауы. Тараз қаласы– тазарту құрылғылары жоқ және ағынды сулар ескірген фильтрациялау алаңдарына ағатын жалғыз облыс орталығы. Тазарту құрылғыларының болмауы Жамбыл ауданының жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерінің батпақтануына және елді мекендерді су басуына алып келеді.  

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Тараз қаласында жаңа кәрізді тазарту кешенін салу жоспарлануда.

«Төтенше экологиялық жағдайды болдырмау үшін әкімдік бұл жұмысты жеделдету қажет», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, мәселелерді шешу үшін әкімдік қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жай-күйін жақсарту және оларды тиісінше жайластыру жөнінде шаралар қабылдауы қажетілігі айтылды. Сондай-ақ, өңірдегі коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі жағдай туралы халықты хабардар ете отырып, коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласында шағын және орта бизнес субъектілерін белсенді тарту және кешенді жұмыс үшін әкімдік коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітуі қажетілігі сөз болды.

«Балық шаруашылығын дамыту саласында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін өңір бойынша 8 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Жыл басынан бері 464 тонна жоспардан 483 тонна (104 пайыз) балық өсірілді. 2021 жылдан бастап, жалпы қуаты 1,7 мың тонна 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда», - деп түйіндеді С.Брекешев.

Өз баяндамасының соңында Экология министрі жиналғандарға қатысқаны үшін алғыс айтып, сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға