Жаңалықтар

Экология министрі жаһандық жасыл өсу институтының басшылығымен кездесті

Экология министрі жаһандық жасыл өсу институтының басшылығымен кездесті
Фото: gov.kz 05.12.2023 06:28 906

Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев жаһандық жасыл өсу институтының (GGGI) өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжан табиғат қорғау ведомстволарының басшылары да қатысты.

Кездесу барысында Е. Нысанбаев елімізде GGGI өкілдігін ашу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы мен GGGI арасында келісім жасасу бойынша мемлекетішілік рәсімдер басталғанын хабарлады.

Министр Қазақстанның климаттық және экологиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін GGGI сияқты ұйымдардың тәжірибесі мен қолдауын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

GGGI басшылығы Қазақстанға «жасыл» өсу мен орнықты дамуға белсенді көзқарасы үшін алғысын білдіріп, метан шығарындыларына зерттеулер жүргізу, ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу, сондай-ақ орнықты экономикалық өсудің жаңа жолдарын көрсету үшін жасыл жобалар жіктеуішін/жасыл таксономияны қолдану мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар, GGGI-мен ынтымақтастықты өңірлік деңгейде тарату туралы бастамалар айтылды. БҰҰ РКИК шеңберінде өңірлік топ құруға GGGI көмек көрсету қажеттілігі айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға