31 Мамыр 2025, 16:40
Экоlife #8 | Пластик қалдықтарының адам денсаулығына тигізетін әсері
Бұл шығарылымда қазіргі заманның өткір экологиялық мәселелерінің бірі – пластик қалдықтарының адам денсаулығына тигізетін әсері жайлы сөз қозғаймыз. Пластик – ыңғайлы әрі арзан материал болғанымен, оның ыдырауы жүздеген жылдарға созылады және бұл үдерісте микропластиктер түзіледі.
Микропластиктер — суға, топыраққа, ауаға таралып, ақырында біздің тағам тізбегімізге енуде. Бүгінде адам ағзасынан да микропластик бөлшектері анықталып отыр. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына, гормоналды бұзылыстарға және иммундық жүйенің әлсіреуіне алып келуі мүмкін.