23 Мамыр, 16:31
Экоlife #7 | Климаттың өзгеруі және оның салдары
Бұл шығарылымда жаһандық деңгейдегі ең өзекті экологиялық мәселе – климаттың өзгеруі жайлы сөз қозғаймыз. Климат – Жердің «температуралық теңгерімі». Оның бұзылуы ауа райының тосын құбылыстарына, жауын-шашынның азаюына, құрғақшылықтың жиілеуіне және аптап ыстықтардың көбеюіне әкелуде. Адамзат әрекеті – ормандарды жою, көмірсутекті отынды жағу, өндірістік қалдықтарды көбейту – парниктік газдардың шектен тыс бөлінуіне себеп болып отыр. Бұл өз кезегінде мұздықтардың еруіне, теңіз деңгейінің көтерілуіне және экожүйелердің бұзылуына түрткі болуда.
Бөлісу: