14 Мамыр, 15:53

Экоlife #5 | Су тапшылығы - бүгінгі күннің басты экологиялық мәселесі

Бұл шығарылымда қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – су тапшылығы туралы сөз қозғаймыз. Жер бетінде тіршіліктің негізі саналатын су ресурстары азайып бара жатыр. Күнделікті өмірде біз суды шексіз деп қабылдаймыз, алайда шын мәнінде тұщы судың мөлшері өте шектеулі және ол жылдан жылға азаюда. Су тапшылығы – тек ауыл шаруашылығына ғана емес, бүкіл экожүйеге, экономикаға және адам өміріне тікелей әсер ететін жаһандық проблема. Егер біз бүгін әрекет етпесек, ертең кейбір аймақтарда ауыз су тапшы болып, экологиялық, әлеуметтік дағдарыс орын алуы мүмкін. Бүгіннен бастап суды саналы пайдалану – ертеңгі ұрпаққа өмір сүру мүмкіндігін сыйлау.

Бөлісу: