28 Шілде 2025, 11:10

Экоlife #16 | Қазақстанның экотуризмі: қандай кедергілер бар?

Бұл шығарылымда біз экотуризм саласының Қазақстандағы даму мүмкіндіктері мен оған кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелерді сөз етеміз. Елде 13 ұлттық парк, ондаған қорықтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар болғанымен, экотуризм әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Қазақстандағы экотуризмге кедергі болып отырған басты мәселелердің бірі – инфрақұрылымның әлсіздігі. Көптеген табиғи аумақтарға жету қиын, жолдар нашар немесе мүлде жоқ. Сондай-ақ экотропалар мен ақпараттық бағыттаушы белгілердің жетіспеушілігі, экогид мамандардың тапшылығы да – үлкен кемшілік.