30 Маусым 2025, 15:56

Экоlife #10 | Бүгінгі күннің батырлары

Бұл шығарылымда елорданың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген көрінбейтін еңбек иелері – коммуналдық қызметкерлер туралы сөз қозғаймыз. Таңғы сағат бесте басталатын жұмыс, мыңдаған қадам, ондаған тонна қоқыс – бұл жай ғана статистика емес, бұл күн сайын қайталанатын ауыр еңбек. Қала көшелерінің таза болуы, жолдардың қардан аршылып тұруы, қоқыс жәшіктерінің уақытылы тазалануы – осының барлығы осы мамандардың арқасы. Олар – Астананың тынысын қалыпты ұстап тұрған бүгінгі күннің батырлары.