Екінші рет мүмкіндік берілсе қызметімді жалғастыруға дайынмын - Зүлфия Сүлейменова
Фото: El.kz
Фото: El.kz
19.03.2023 12:04
1442
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова №393-ші сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сайлау жақсы ұйымдастырылған. Мен тіркелген учаскеде сайлаушылар саны көп екен. Сондықтан біраз кезек күтіп қалдым. Бірақ барлығы түсінікті, қалай дауыс беру керегін түсіндіріп берді, - деді.
Сондай-ақ министр Үкіметтің толыққанды өзгеруіне қатысты пікір білдірді.
Егер қызметімді әріқарай жалғастыруға мүмкіндік берсе, жұмысымды жалғастыруға дайынмын. Ал орынды босату керек болса, оған да ризамын. Өзіме ұнайтын ғылыми зерттеу саласымен жұмыс жасаймын, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау мәдениеті туралы айтты
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды