Жаңалықтар

Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерілді

Екібастұздағы жылыту маусымының басталу барысын тексерілді
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 08.10.2023 14:58 707

Екібастұз ЖЭО-дағы 10 қазандық агрегаттың 5-і жұмысқа толық дайын. Бүгінгі таңда олардың 2-і жұмыс істеп тұрса, 3-і резервте, олар сыртқы ауа температурасы нөлден төмен түскен кезде қосылатын болады. Қалған 5 қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

4 жаңа жылу магистралі толығымен қайтадан жаңартылды, оларды жуу және пресстеу жүргізілді. Желілердің бәрі толықтай іске қосылды.

690 көпқабатты тұрғын үйдің 395-і жылумен қамтамасыз етілген. Барлық көпқабатты үйлерді іске қосу 10 қазанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Ертеңнен бастап жеке секторды жылуға қосу кезең-кезеңімен басталады. 

Бүгінгі таңда ыстық сумен жабдықтау 524 көпқабатты үйде бар, қалған 166 көпқабатты тұрғын үйлерді толықтай ыстық сумен қамтамасыз ету 9 қазанға дейін жоспарланған. 

Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік нысандарды аралап, жылу параметрлерін тексерді. Мысалы, № 26 мектепте бүгінгі күні 27 градус температура қамтамасыз етілген. Екібастұздың 90 әлеуметтік нысанының 79-ы жылумен қамтуға қосылған. Қалған 11 нысанды 10 қазанға дейін қосу жоспарлануда. 

Сондай-ақ, аймақ басшысы қаланың әртүрлі аудандарында жылу беру сапасымен танысу үшін бірнеше үйдің тұрғындарымен кездесті. Екібастұздың барлық проблемалы үйлері бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Басты мәселе бұл үйлерге қызмет көрсететін ұйымның болмауында. Қаланың қала құраушы кәсіпорындары қыста 184 көпқабатты үйді дайындауға көмектесті.

Асайын Байханов қиын кезеңде қол ұшын созып, тұрғындарға көмек көрсеткен барлық кәсіпорындарға ризашылығын білдірді.

- Екібастұзда қысқа мерзім ішінде ЖЭО жабдықтарын жөндеу, жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Кеншілер қаласы салынғаннан бері жөндеу науқанының мұндай ауқымы болған жоқ. Алайда, біздің барлық күш-жігеріміз үйлер жылуды қабылдауға толық дайын болған жағдайда ғана ақталады. Мұны көптеген екібастұздықтар түсінеді. 131 үйде тұрғындардың күшімен өз қаражаттарының есебінен жылу тораптары жөнделді, үй ішіндегі жылумен жабдықтау жүйесінің құбырлары ауыстырылды. Бір кездері ПИК-тен бас тартқан тағы 184 көпқабатты үйге қаланың қала құраушы кәсіпорындары көмектесті. Барлығы ортақ іске өз үлестерін қосты. Бұл үшін оларға үлкен алғыс айтамыз, - деді облыс әкімі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға