Жаңалықтар

Екібастұздағы жылу мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Екібастұздағы жылу мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Фото: © ОКҚ 27.11.2023 13:11 2800

Биыл Екібастұз ЖЭО-да 10 қазандықтың алтауына күрделі жөндеу және екеуіне жоспар бойынша жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты. Әкімнің сөзінше, ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қалған екі қазандық бойынша жұмыстар аяқталды, қарашаның соңына дейін іске қосу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЖЭО жөндеуге жалпы 17 млрд теңге, яғни 8,5 млрд бюджеттен және 8,5 млрд «ОАЭК» АҚ қаражаты есебінен бөлінді. Биыл Екібастұз қаласында ЖАО мен «ОАЭК» АҚ қаражаты есебінен 70 шақырымнан астам жылу желілері жөнделді. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды. Қаланың жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге барлығы 5,1 млрд теңге бөлінді, оның 2,1 млрд теңге облыстық бюджет қаражаты, ал 3 млрд теңге «ЭТЭ» ЖШС меншік иелерімен бөлінді, - деді әкім.

Әкімнің сөзінше, жылыту маусымы басталғаннан бері көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарының өтініштері бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкім әрбір өтініш бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтып деп сендірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға