Жаңалықтар

Екібастұздағы жарылыс: Қаза тапқан жігіттің кім екені анықталды

Екібастұздағы жарылыс: Қаза тапқан жігіттің кім екені анықталды
Фото: instagram.com/pavlodar_tjd 26.07.2023 23:22 664

Екібастұзда автокөлікке газ құю бекетінде болған өрт кезінде қаза тапқан 17 жастағы бозбала станция иесінің ұлы болып шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт кезінде қаза тапқан 2006 жылы туған жігіт жанармай құю бекетінің операторы болып жұмыс істеген, ол станция иесінің ұлы екені анықталды, - деп нақтылады құтқару ведомствосының баспасөз қызметі.

Облыстық 103 қызметінің хабарлауынша, бригада қоңырау шалынғаннан кейін екі минуттан кейін өрт орнында болған. Құтқарушылар жас жігіттің денесін тапты.

1985, 1991 және 1974 жылы туған үш әйел медициналық көмекке жүгінген.

Бүгін Екібастұздағы ғаз құю станциясында төрт резервуар өртенді, ол жерде сондай-ақ 40-қа жуық газ баллоны болған.

Өрт жақын маңдағы "Фируза" азық-түлік дүкеніне өтіп, оның шамамен 200 шаршы метр шатырын, сондай-ақ су мұнарасының 20 шаршы метр аумақтағы шатырын шарпыған.

Жеке сектордың үйлері жолдың арғы жағында, 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ, - деп нақтылады ТЖД.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға