Екібастұзда жарылған су құбырын жөнделді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
31.12.2022 09:42
1273
Екібастұзда зақымданған техникалық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
31 желтоқсан түнгі сағат 00.51-дегі ақпарат бойынша, Екібастұз жылу электр орталығына арналған диаметрі 500 мм-лік техникалық су құбырын қалпына келтіру жұмысы соңына жеткен.
«Қазіргі уақытта жүйе іске қосылып жатыр. Коммуналдық қызмет мамандары желіні қажетті сумен толтырып болғанша оқиға орнында жұмысын жалғастырады. Бүкіл процестер мамандардың бақылауында», - деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға