Екібастұзда тұрғындардың басым бөлігіне жылу берілді
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұз қаласындағы ахуалға байланысты ұйымдастырылған брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Екібастұзда ау температурасы 23 градус аяз.
«Сағат 18:15-те қаладағы Қаныш Сәтбаев 8 көшесіндегі жеке тұрғын үйде монтаждау жұмыстары мен жылу батареясын қалпына келтіру жұмыстарымен айналыстық. Жалпы 6 корпус пен 20 подъезде жұмыс жасалды. Қазір бұл үйлерге жылу беріліп, жағдай қалыпқа түсті», - деді ол.
Мәшһүр Жүсіп 52 көшесіндегі жеке тұрғын үйлерде жұмыс әлі де жүргізілуде. Бұл 20 подъездік тұрғын үйдің 14-інде іске қосылуда. Ал қалған 6 подъезде жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Жұмыс түнге дейін тоқтамай жалғасатынын атап өтті.
«Көпшіліктің арасында неге тап осы жеке тұрғын үйлерде жұмыс ұзаққа созылып кетті деген сұрақ туындап жатыр. Түсіндіре кетсем, басқа тұрғын үйлерге қарағанда осы екі тұрғын үйдің батареялары толығымен қатып қалған. Су құбырлармен, батареялардың ішінде қатып қалғандықтан жұмыс созылып кетті. Әр қабаттағы батареяларды ауыстыру жұмыстары жалғасуда», - деді Олег Крук.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 6 подъезде жүргізілуде. Олар: Мәшһүр Жүсіп 52 мекеніндегі 6-шы комплекстің1, 2 және 4,5 подъездері, бесінші комплектегі 4-ші подъезд және төртінші комплекстегі 1-ші подъездері.
«28 жеке тұрғын үйдің сегізінде жылу желісі іске қосылды. Бұл жұмыстарға ертерек кірісе алмағанымыздың бір себебі, үйлерде жылудың болмауы еді.Қаладағы жұмыстың қалай жүріп жатқанын толығырақ әкімдіктің парақшасынан да көруге болады. Ол жерде арнайы кестеде ішкі жарық, жылу мен батареялардың құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, қай сатыда жұмыстар жүргізіліп жатқанын да байқауға мүмкіндік бар», - деді Олег Крук.
Жұмыс барысында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 5а мекен жайындағы жөндеу кезінде жылу желілеріне 426 мм зақым келгені анықталғанын атап өтті.