Екібастұзда тағы 700-ден астам жұмыс орны ашылады
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА/ChatGPT
29.10.2024 11:30
394
Машина жасау саласында Екібастұз және Саран қалаларында 2 тұрақты кластер қалыптасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кластерлік тәсілді машина жасаудың басқа секторларына да тарату жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.
Оның айтуынша, Екібастұзда теміржол саласына арналған бұйымдардың кең спектрін шығаратын 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылған. Онда 2 мың адам жұмыс істейді. Қосымша 739 жұмыс орнын ашатын 104,2 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылуда.
Саран қаласында 6 кәсіпорыннан тұратын кластер құрылды, оның 3-і машина жасау саласына қатысты.
Машина жасаудың 2 жаңа жобасын, оның ішінде тұрмыстық техникаға арналған электр компоненттерін өндіру үшін локализациялық орталық құру жөніндегі жобаны іске асыру қосымша пысықталуда. Нәтижесінде біз осы қалалардың экономикасын әртараптандыруға қол жеткіздік, бұл Саранды моноқала мәртебесінен шығаруға мүмкіндік берді, — деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды
Келесі жаңалық
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті