Жаңалықтар

Екібастұзда шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер жазаланды

Екібастұзда шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер жазаланды
Фото: El.kz 01.08.2024 14:12 431

Екібастұз қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек еткен көрші елдің азаматтарын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәл осындай заңбұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталып отыр.

Жеті шетелдік азамат аймақта заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз болған. Шетелдіктердің ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сотқа жіберуге әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ шетелдік азаматтарды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция шетелдіктерге көші-қон режимін бұзбауды және тиісті құжаттарды уақтылы ресімдеуді ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға