Жаңалықтар

Екібастұзда қосымша үш қазандық іске қосылды

Бұл туралы Pavlodarnews.kz мәлімдеді
Екібастұзда қосымша үш қазандық іске қосылды
Фото: pavlodarnews.kz 19.02.2023 11:20 1212

Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram желісінде жылу станциясынан жағдай туралы баяндап, бейнежазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Түнгі сағат 02:30 болып қалды. Біз бәріміз Екібастұз жылу станциясындамыз. Қосымша үш қазандық жұмысқа берілді. Жылу параметрлерінің көтерілуін күтудеміз,  - деді Асайын Байханов. 

Қазіргі кезде жұмыста алты қазандық агрегаты № 5, 6, 9, 11, 12, 13 (3 су жылыту арқылы және 3 энергетикалық) бар.

Бүкіл қаланың жүйесіндегі желілік суды толық жылыту үшін 8-9 сағат қажет. Таңертеңге дейін 65-70 градус температураның оңтайлы параметрлеріне жету жоспарлануда, бұл тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етудің жақсарғанын сезінуге мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі. 

Облыстық әкімдіктің мәлімдеуінше, таңғы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-дан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 62 градусты құрайды.

Еске салайық, 18 ақпан күні сағат 04:55-те ЖЭО-дағы желілік су ысырмасы аймағында тығын сынған.  Құбырдың зақымданған жерін анықтау үшін №12, 13, 15 қазандық агрегаттары мен желілік сорғылар кезекпен тоқтатылды.  Станция қызметкерлері дереу зақымданған жерді кесіп, жөндеу жұмыстарын бастады.

Станцияның жұмысы тоқтатылмаған. №5, 6, 9 үш энергетикалық қазандық пен электр сорғылары жұмыс істеп тұрған. Желідегі су айналымы төмендетілген параметрлерде қамтамасыз етілді. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға