Төтенше жағдайлар министрлігі

Екібастұзда монша кешені өртенді

03.06.2024 00:40

Екібастұз қаласында монша кешендерінің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Моншада ағаш қаптама, жиһаз жанған. Қызыл жалынның жалпы аумағы - 20 шаршы метр.  

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап 37 минут ішінде өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ,-деді төтеншеліктер.