t.me/POLICE_of_KZ

Екібастұзда ер адам тоғыз қабатты үйдің төбесінен секірмек болған

31.05.2025 04:24

Павлодар облысында полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ІІМ мәліметінше, Екібастұзда 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған тұрғын құтқарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған.

Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды, - делінген мәліметте.

Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.