©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ

Екібастұзда екі адам ыстан уланып көз жұмды

Екібастұзда екі ер адам ыстан уланып қайтыс болды. Рavlodarnews.kz мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазан күні сағат 11:30-да Төртүй ауылының жекеменшік үйде 64 және 37 жастағы ер адамның мәйіті табылды. 

Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығымен улану.

Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.