Жаңалықтар

Екібастұзда 16 жастағы жасөспірім оқушы қыздарды зорлап келген

Екібастұзда 16 жастағы жасөспірім оқушы қыздарды зорлап келген
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ 28.09.2023 12:26 13056

Павлодар облысында бір ғимаратта он жылдан астам көрші тұрған отбасының 16 жастағы жасөспірім ұлы кәмелетке толмаған әпкелі-сіңлі екі көрші қызды зорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының 16 жастағы тұрғыны алғашқы қылмысын 2019 жылдың шілде айында өз пәтерінде жасаған. Ол 13 жастағы көрші қызды зорлаған. Ұлдың қыспағынан қорыққан мектеп оқушысы анасына ештеңе айтпай, сегіз жасар сіңлісіне жеткізген.

Бір жылдан кейін жазғы каникулда анасы үлкен қызымен Өскеменге емделуге кеткен. Сол кезде әжесінің жанында қалған кенже қызға осы кезеңде зорлық жасалған, - деді облыстық СМУ-дің судьясы Құдабай Сұлтанов.

Сотта белгілі болғандай, жігіт өзінің кіші көршісін бірнеше рет зорлаған. Кейін мектеп оқушысы басынан кешкендерін туысқанына айтқан. Қыздардың анасы болған жайды сол туысқанынан біліп, полицияға хабарласқан.

Қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Жасөспірім қамауға алынды. Сот бір жылға жуық уақытқа созылды.

Нәтижесінде жігіттің ісі екі қылмыстық бап бойынша – кәмелетке толмаған жәбірленушілердің дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қаралды. Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан, ол жабық сот отырысында қаралды.

Жігіт сотта өз кінәсін мойындамады. Қылмыс жасаған кезде сотталушы жасөспірім болғандықтан, сот екібастұздық азаматты Қылмыстық кодекстің 120-бабының төртінші бөлігі бойынша жеті жыл алты айға, ал 121-баптың төртінші бөлігі бойынша дәл осы мөлшерде бас бостандығынан айырды. Соңғы үкім - сегіз жыл бас бостандығынан айыру болды.

Сонымен қатар, сотталушы зардап шеккен қыздардың әрқайсысына 2,5 миллион теңгеден моральдық шығын төлеуі тиіс.

Одан бөлек, жігіт екі жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға