Жаңалықтар

Екі жылда қылмыс әлемінің 27 «серкесі» ұсталды

Екі жылда қылмыс әлемінің 27 «серкесі» ұсталды
Фото: ҚР ІІМ 08.01.2025 09:20 290

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІІ мәліметінше, Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.

Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің серкелері» ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады, – деп атап өтті ведомствода.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға