Екі жастағы бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойған
13.09.2023 18:02
Фото:
Әлеуметтік желіден
Перуде сегіз тал ине жұтып қойған екі жасар бүлдіршінге операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер сәбиге бірден операция жүргізіп, ішіндегі инелерді алып шықты. Бала анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алып, жұтып қойған. Бірақ сол мезетте оны ешкім байқамай қалған.
Дәрігерлер бала операциядан кейін жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен бірнеше күн бақылауда бола тұрады.
Қорада ойнап жүріп тауып алып жұтқан көрінеді. Мен ара-тұра сол фермаға барып, жұмыс істеуге мәжбүрмін. Өйткені бала-шағамды жалғыз асырап отырмын, дейді баланың анасы Нарли Олортеги Писко.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

