Екі жасар бала Каспий теңізіне суға батып кетті
06.06.2024 03:29
Фото:
Видеодан кадр
2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті. Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Себебі - судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу.
Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз, - делінген ТЖМ ақпаратында.

