Жаңалықтар

Екі қызын зорлады деген айыппен Алматы тұрғынының үстінен іс қозғалды

Екі қызын зорлады деген айыппен Алматы тұрғынының үстінен іс қозғалды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.07.2023 17:45 661

Апалы-сіңлілі 2 қызға туған әкелері бірнеше рет азғындық жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Немолчиkz қорының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Желіде жазылған ақпаратқа сүйенсек, 2003 және 2009 жылғы екі қыз туған әкелерінен қорлық көріп келген. 11-12 жастарынан азғындыққа ұшыраған олар бір-бірінің басындағы жағдай туралы білмеген. Қыздардың бірі үйінен қашып кетпейінше аналары да бұл сұмдықтан бейхабар болған.

Оқи отырыңыз:

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 120-бабы, 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 124-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, тексеріле бастады. Қазіргі уақытта толықтық, кешенділік және объективтілік қағидаттарына сәйкес жедел және тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды, - деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жарияланбады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға