Екі қызды құтқарып, өзі суға батқан ер адамның отбасына пәтер берілді
06.08.2025 21:22
Фото:
Маңғыстау облысы әкімдігі
Екі адамның өмірін құтқарып, өзі суға кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтау қаласынан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қоныстануға дайын тұрған пәтер құрылыс компаниясының демеушілігімен берілді. Сонымен қатар демеушілердің есебінен марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Еске салсақ, 26 шілде күні Ерлан Шонтабаев Ақтау қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан, шомылуға арналмаған жағажайда суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалған. Сондай-ақ өзімен бірге көмекке ұмтылған тағы бір азаматты құтқаруға тырысқан сәтте, қатты толқынның салдарынан өзі суға батып кеткен болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

