Екі қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола медалі үшін белдеседі
03.09.2024 10:27
Фото:
UWW
Испанияның Понтеведре қаласында басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қола медальға таласады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, 55 келі салмақтағы Айбек Айтбеков турнир барысында Испания мен Грузия балуандарын айқын басымдықпен жеңді. Алайда жартылай финалда америкалық қарсыласына айла көрсете алмай, кіші финалда күресу мүмкіндігін алды.
87 келідегі Темірлан Тұрдыақын да қолаға күреседі. Темірлан Түркия және Жапония балуандарын жеңді, алайда жартылай финалда әзербайжандық қарсыласына есе жіберді.
Екі спортшымыз да бүгін кіші финалда бақ сынайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

