Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшылары тағайындалды
Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары тағайындалды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысында бұл лауазымға Қайрат Мейрембеков тағайындалды.
Қайрат Амангелдіұлы Мейрембеков 1964 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Сібір орман техникалық институтын, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы орман шаруашылығы инженері, экономист.
1981 жылдан 2001 жылға дейін - мемлекеттік, коммерциялық және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеді.
2001 жылдан 2007 жылға дейін - ҚР АШМ Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің бас маманы.
2007 жылдан 2014 жылға дейін - бөлім, басқарма басшысы, ҚР АШМ, ҚОСРМ табиғи ресурстар департаменті директорының орынбасары.
2014 жылдан 2022 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас кеңесші, бас инспекторы.
Сондай-ақ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Закария Есболатұлы Тұралиев Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
Закария Есболатұлы 1967 жылы 3 маусым күні Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтын, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмәмдаған.
Мамандығы - мемлекеттік және жергілікті басқару, орман шаруашылығы инженері.
1998 – 2001 жылдары орманшы, шебер және орман қорғау инженері, «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», БҚО.
2001-2022 жылдары Орман шаруашылығы және орманды жандандыру жұмыстары бойынша директордың орынбасары.
Әр жылдары БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Шыңғырлау, Тайпақ, Орал, Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің директоры қызметтерін атқарған.
2015 жылдан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметінде болды.