Жаңалықтар

Екі мыңнан астам медицина қызметкері марапатталды

Екі мыңнан астам медицина қызметкері марапатталды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 22.10.2023 01:26 608

Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге Республика күніне орай бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттарды табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер мен еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында ұлт денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға, медицинада инновациялық тәсілдерді енгізе отырып, халықтың игілігіне елеулі өзгерістер енгізуге болады.

Республика күнінің ұлттық мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен екі мыңнан астам медицина қызметкері – «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрметті грамотасымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға