MARITIME ARCHAEOLOGICAL PROJECT

Екі мың жылдық тарихы бар суға батқан кеме табылды

Хорватияның Барбир шығанағында археологтар Рим империясы кезеңіне жататын кеменің қалдықтарын тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Археологтар екі мың жыл бойы құм қабатының астында жасырынған 12 метрлік ұзындықтағы суға батқан кемені тапты. Кеменің үстіңгі бөлігінің бір бөлігі сақталған.

Біз темір шегемен қосылған ағаш бөлігін таптық, бұл одан да маңызды басқа табыстардың болуы мүмкін екенін көрсетеді, - деді Задардағы Халықаралық су асты археологиясы орталығының директоры Младен Пешич.

Алдын ала бағалау бойынша, кеме біздің заманымыздың I-II ғғ. аралығына жатады. Кеменің бортында жүздеген зәйтүн сүйектері, сондай-ақ жүзім, шабдалы және грек жаңғағының қалдықтары табылды. Бұл кеменің ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылғанын көрсетеді.

Енді осы құндылықтың барлығын фотограмметрия әдісімен детальді фотодокументациясын жасау қажет. Сондай-ақ кемені су бетіне көтеру үшін бірнеше миллион еуро көлемінде қаржылық шығын талап етіледі.