Жаңалықтар

Екі елдің ғылым академиясы өзара байланыс орнатады

Екі елдің ғылым академиясы өзара байланыс орнатады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 22.09.2023 21:50 664

Ригада VI халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, форум аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закария мен Латвия ғылым академиясының президенті Иварс Калвиньш өзара меморандумға қол қойды.

Келісімнің басты мақсаты – энергетика саласы, адам денсаулығы, азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі және басқа да маңызды салаларға ерекше назар аударылатыны айқындалды. 

Белгілі ғалым Күнсұлу Дальтонқызы Қазақстан табиғи ресурстарға бай және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екендігін атап өтті. Латвия өз кезегінде фармакология мен медицина саласында үлкен жетістіктерге ие деп отыр. Бұл ынтымақтастықтың өзара тиімді перспективасын қамтамасыз етіп, екі елдің ғылым саласының дамуы жаңа деңгейге көтерілетінін жеткізді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға