El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Екі дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан хоккейшілері елге оралды

Шайбалы хоккейден Талғат Жайлауов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы екі дүркін Азия чемпионы атанды. Чемпиондарды жанкүйерлер әуежайда салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды  El.kz интернет порталы.

Айта кетейік, күні кеше Қытайда өткен құрлық біріншілігінің финалында жерлестеріміз Жапония құрамасын жеңді. Бүгін спортшыларды Астана әуежайында жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Ерлер арасындағы шайбалы хоккейден өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Жапонияны 4:3 есебімен ұтып, турнирдің чемпион атанды.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қазақстан сапында Роман Старченко дубль авторы атанды, ал Кирилл Ляпунов пен Александр Борисевич бір-бір шайбадан соқты. Осылайша, ұлттық құрамамыз үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетіп, бұған дейін Оңтүстік Кореяны – 4:2, Қытайды – 5:1 есебімен тізе бүктірген. Бұл – Қазақстанның Азия чемпионатында екінші мәрте топ жаруы.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Еске сала кетейік, Азия чемпионаты IIHF ресми күнтізбесіне енгізілген және тарихта екінші рет өткізілді. Қазақстан құрамасында шетелдік клубтарда ойнайтын хоккейшілер бұл жолы болмаған.

Құрама ойыншысы әрі шайба авторы Кирилл Ляпунов өз эмоциясымен бөлісті.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Эмоция өте көп. Роман Старченкомен бірге ойнау – үлкен әрі жауапты тәжірибе. Ол өз ісін мінсіз атқарады, әрдайым қолдау көрсетеді. Жапониямен өткен матч өте қиын болды. Соған қарамастан, жеңіске жете білдік, – деді ол.

Ойыншы Азия құрамаларының деңгейіне де тоқталды.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Шынымды айтсам, Азия командаларының деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Жаңа мамандар тартылып, көп қаражат бөлінуде. Сол себепті олардың қарқыны қатты күшейген. Мен үшін бұл – ұлттық құрамадағы дебюттік турнир. Өте жақсы әсер алдым, ең бастысы біз тапсырманы орындап, чемпион атандық, – деді Ляпунов.

Кирилл Ляпуновтың айтуынша, ойын оңай болған жоқ, құрамадағы жігіттердің ерік-жігерінің арқасында жеңіске жеткендерін айтады.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Ойын оңай да болған жоқ. Ең бастысы біз жеңіске жеттік. Команда толықтай бір мақсатқа жұмылды, бәрі соңына дейін беріліп ойнады. Шешуші сәттерде қарсыластан басым түсіп, нәтижеге қол жеткіздік, – дейді.

Кореямен де, Қытаймен де, Жапониямен де өткен ойындар шын мәнінде, жоғары қарқын мен күресті талап еткен матчтар болды.

El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)