Қазақстан теннис федерациясы

Екі бірдей қазақстандық жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына кірді

11.10.2023 00:33

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.

Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр. Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады. Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.