Екі адамды 400 мың теңгеге сатқан қазақстандық ұсталды
12.08.2024 11:21
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Түркістан облысында «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, «Ш» есімді азамат соңғы екі жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

