Eindhoven Cup: Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды
09.06.2025 01:35
Фото:
Olympic.kz
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде ұлттық құраманың екі боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
70 келіде Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда бельгиялық Анас Каддуримен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Отандық былғары қолғап шебері өткен жылдың соңында Таиландта өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Сондай-ақ, батысқазақстардық Даниял Сәбит 50 келіде жартылай финалда Бельгия боксшысы Редуан Ассаиден басым түсіп, финалға өтті.
Бұдан бөлек, 65 келіде Ертуган Зейнуллинов финалға шығар жолда әзірбайжандық Али Абдуллаевтың осал тұсын таба алмады.
Айта кететін жайт, Eindhoven Cup турнирі маусым айының 6-9 аралығында өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

