Егіз сәбилер ТЖМ тікұшағымен Павлодарға шұғыл жеткізілді
02.05.2025 20:28
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
"Қазавиақұтқару" құтқару бөлімшесінің әуе кемесі Екібастұз қаласынан Павлодарға екі сәбиді шұғыл медициналық эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәрестелерге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек қажет болған.
Әуе кемесі экипажының жедел әрекеттері мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті және қауіпсіз өтті. Павлодар қаласында тікұшақ қонғаннан кейін бірден сәбилер медицина қызметкерлеріне тапсырылды, одан әрі облыстық медициналық мекемеге жеткізілді,-деп атап өтті ТЖМ.
Айта кетсек, ТЖМ "Қазавиақұтқару" күрделі және шұғыл жағдайларға жедел ден қоя отырып, азаматтарға шұғыл көмек көрсету бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастыруда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

