Египеттің Хургада қаласында акула 23 жастағы ресейлікті жеп қойды, оқиға жағажайдан 30 метр қашықтықта болған,
Сол маңда адам көп болған, дегенмен қайтыс болған жігіттің әкесі бәрі қас-қағым сәтте болғанын, қандай да бір көмек қолын созуға уақыт болмағанын айтады. Оқиға 20 секундта болған. Алып балық оның баласын судың астына алып кеткен.
Көп ұзамай жағажай күзеті акуланы қолға түсірген, дегенмен Қызыл теңізде шомылуға әлі де рұқсат жоқ.
Қайтыс болған жігіт – 1999 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол биыл ғана Египетке қоныс аударған.
Жігіттің әкесі баласын Мысырда кремация жасап, күлін Ресейге апаруды жоспарлап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

