Жаңалықтар

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады
Фото: funik.ru 11.03.2023 13:19 882

Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп "Air Cairo" египеттік әуе компаниясының елімізге тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Осылайша, "Air Cairo" әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр және сенбі) А-320 типті әуе кемелерінде.
Анықтама:
"Air Cairo" - Каирде (Египет) орналасқан мысырлық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2003 жылы бастады.
Әуе компания әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзірбайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.
Әуе компания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.
Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда - экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға