Жаңалықтар

Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отыны қайта сатылып келген

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады
Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отыны қайта сатылып келген
Фото: egemen.kz 05.08.2022 11:23 1135

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сату фактілерін анықтады, – деп хабарлайды El.kz.

Агенттік жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр.

«Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, мұнай өнімдерінің өзге атауын көрсете отырып жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталды. Кейбір жағдайларда алақол кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан», – делінген баспасөз мәліметінде.

Агенттік жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы, уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне тәулік бойы істейтін сенім телефондарына хабарлауды сұрайды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға