Жаңалықтар

Егемен елдің еңсесі биік

Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл
25.11.2016 07:03 10036

16 желтоқсаната-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Қазақстанның күллі әлемге егемен ел ретінде танылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Ал, 1 желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күні. Осы атаулы даталар қарсаңында танымал саясаткерлердің әр жылдары Қазақстан туралы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы білдірген жылы пікірлерін жинақтап, назарларыңызға ұсынамыз.

Егемен елдің еңсесі биік

Егемен елдің еңсесі биік

Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Одақты топтастыра алатын аса ірі тұлға деп санаймын. Ол – дұрыс жолдағы салқынқанды санаға ерік беретін, нақты іс тындыра алатын саясаткер. Мен мұндай адамдарды әрдайым қолдап келемін.

Маргарет Тэтчер,

Ұлыбританияның 1979—1990 жылдардағы

Премьер-министрі

Егемен елдің еңсесі биік

Түркияның бауырлас елі Қазақстанға барған әрбір сапарым күні кешегідей есімде. Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екеуміздің арамыздағы сондай жылы, сондай ізгі ағалы-інілі қарым-қатынасты өмір бойы жадымда сақтап өтемін. Біз тарихтың жаңа парақтары ашылған кезеңде қатар жұмыс істедік.

Сүлеймен Демирель,

Түркияның 1993 – 2000 жылдардағы Президенті

Егемен елдің еңсесі биік

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық қарқынды дамуы – бұл Қазақстан Президентінің Тәуелсіздік жылдарында жүргізген сындарлы саясатының нәтижесі. Осындай нәтижелі көрсеткіштің арқасында Қазақстанның Еуропа елдеріндегі танымалдығы артты.  

Жак Ширак,

Францияның 1995 – 2007 жылдардағы Президенті

Егемен елдің еңсесі биік

Өткен жылдарда Қазақстан экономикасы қарқынды түрде өсті. Осы тұста Италия Қазақстанмен энергетикалық сектордағы әріптестігін белсенді түрде дамытқанын айта кетуіміз керек. Италия мен Қазақстан арасындағы әріптестік бұдан әрі нығая түседі деп үміттенемін.

Карло Адзельо Чампи,

 Италияның 1999 – 2006 жылдардағы Президенті

Егемен елдің еңсесі биік

Түркия Қазақстанның экономикалық реформаларын жiтi қадағалап отырады. Сiздiң күш-жiгерiңiздiң арқасында Қазақстан Тәуелсiздiк жылдарында Орталық Азияның жарық жұлдызына – беделдi, сенiмдi әрi қуатты мемлекетке айналды. Нұрсұлтан Назарбаев – Түркi әлемiнiң лидерi.

Абдулла ГҮЛ,

Түркияның 2007 – 2014 жылдардағы Президентi

Егемен елдің еңсесі биік

Қазақстан үшiн Нұрсұлтан Назарбаев – өте ерекше тарихи тұлға. Ол тек қана Қазақстанның тұңғыш Президентi ғана емес, ол – қазақтық, қазақстандық мемлекеттiлiктiң iргетасын қалаушы.

Владимир ПУТИН,

Ресей Президентi

Егемен елдің еңсесі биік

Қазақстан – халықаралық аренада өзіндік орны бар ел. Еуропада бұл елмен әріптестік байланыс орнатуға қызығушылық танытып отырған елдер қатары жылдан-жылға өсіп келеді. Біз Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың өсуіне, экономиканың жаһандану деңгейіне, демократия саласындағы даму көрсеткішіне қарап тамсанамыз.

Боссе РИНГХОЛМ,

Швед саясаткері

Егемен елдің еңсесі биік

Назарбаев – өте ақылды саясаткер. өз мемлекетiнiң бағасын бiледi. Адамдармен қарым-қатынас орната алады. өз елiнiң iшiндегi адамдармен ғана емес, басқа республикалармен де жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан президенттерiңiздi сақтаңыздар!

Эдуард ШЕВАРДНАДЗЕ,

Грузияның 1995 – 2003 жылдардағы Президенті

Егемен елдің еңсесі биік

Мен жаңа астананы көрдiм. Менi адам қолымен сомдалып жатқан сұлулық қайран қалдырды. Бұған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сiңiрген еңбегi орасан зор, ол күллi қазақ халқының күшжiгерiн жұмылдырып, iс жүзiнде жаңа қала, жаңа астана орнатты.

Бiз бiр-бiрiмiзге жақын, туысқан елдермiз. Бiз Сiздердiң табыстарыңызға әрдайым қуанамыз.

Ильхам ӘЛИЕВ,

Әзiрбайжан Президентi

Егемен елдің еңсесі биік

Сіздің пайымыңыз бен Қазақстан халқына жоғары берiлгендiгiңiз жауапты да маңызды мiндеттерiңiздi атқару кезiнде Сiзге жолбасшы болады. Мен Қазақстан халқына қызмет ету жолындағы сiздiң мақсаттарыңызға қол жеткiзуде барынша табыстар тiлеймiн.

Соня ГАНДИ,

Үндiстан ұлттық конгресінің көшбасшысы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға