Жаңалықтар

ЕЭК Кеңесі Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуді қолдады

ЕЭК Кеңесі Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелуді  қолдады
Фото: gov.kz 31.03.2023 11:31 749

Тарифтік жеңілдіктің арқасында отандық қант зауыттары өз қуаттылықтарын жүктеу үшін баж төлемей шикізат сатып алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық тарапты Премьер-Министрдің орынбасары–сауда және интеграция министрінің м.а. Серік Жұманғарин басқарды.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық нарықтың 90%-ын қамтыған көрші елдерден жеткізілген қант түрлі факторларға ұшырайды және тұрақсыз», — деді ЕЭК отырысында сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.

ЕЭК Кеңесінде бекітілген шикізатты бажсыз әкелуге арналған тарифтік квота осы жылдың алдағы 9 айына 350 мың тоннаны құрайды. Тараптар күзде осы мәселеге қайта оралуға және қажет болған жағдайда жаңа егінді ескере отырып, квота көлемін қайта қарауға уағдаласты.

Қазіргі уақытта «айналым схемасы» аясында облыс әкімдіктері қант зауыттарына шикізатты уақытылы сатып алу, ішкі тұтыну үшін жеткілікті көлемде және тұрақты бағамен қант өндіруге мүмкіндік беретін қуаттарды жаңғырту үшін 18 млрд теңге бөлді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға