Эдуард Ким әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
16.04.2025 23:10
Фото:
Olympic.kz
Мысырдың Хургада қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді. Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинаған.
Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алса (224,5450 ұпай), екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин 218,7650 ұпаймен тұрақтады.
Қазақстандық Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

