Эдуард Ким әлем кубогының жеңімпазы атанды
01.06.2024 11:51
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогының кезеңінде алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, отандасымыз техникалық бағдарламада 204.3900 ұпай жинап, тағы да үздік екенін паш етті. Бұл Эдуардтың Әлем Кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі. Ол осыған дейін былтыр Испания мен Франциядағы кезеңде күміс, ал Маркемдегі сайыста күміс (техникалық) пен қола (еркін бағдарлама) жүлдеге қол жеткізген.
Ал әйелдер арасында Карина Магрупова осы бағдарламада 5-сатыдан көрінді.
Айта кетейік, 2 маусымға дейін өтетін кезеңде 16 елдің 88 спортшысы сынға түседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

