Жаңалықтар

Еділ Жаңбыршин наразылыққа шыққандармен жүздесуге неге шықпағанын айтты

Еділ Жаңбыршин наразылыққа шыққандармен жүздесуге неге шықпағанын айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 12.04.2023 12:44 1333

Мәжіліс депутататы кулуарда тілшілерге Еділ Жаңбыршин Астанаға келген Жаңаөзен мұнайшыларымен не үшін кездеспегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Мұнайшылар елордада наразылыққа шыққанда неліктен бармадыңыз? Сіздің әріптестеріңіз барды, дегенмен халық жерлесі ретінде сізді күтті» деп сұрады тілшілер.
Ол журналистердің сауалына «Бұл компанияның мәселелері маған белгілі, сол себепті бармадым» деп жауап берді. 

Аталған компанияның мәлелері маған белгілі және ол материалдар менің қолымда бар. Соған байланысты жұмыстар жүргізілді. Одан бөлек, үндеу жариялаған кезде наразы топ Мәжіліске емес, Энергетика министрлігіне барды. Өздерінің тендерлік мәселелеріне байланысты сұрақты сол жерде шешкілері келді, - деді депутат. 

Оның айтуынша, мәселе ол жерге барғанмен шешілмейді, арнайы ұсыныстармен ғана шешіледі. 

Екі күн қатарынан осы мәселемен айналыстық. Сауал дайындау оңай емес. Құзырлы органдармен жұмыс істеп, қосымша мәліметтерді алып, мәселені жан-жақты қарастырдық. Ол компаниядан бөлек, басқа да компанияда мәселелер бар. Тек бір мәселе емес. Бұл жүйелік мәселе, - деді Еділ Жаңбыршин.

Осы мәлелерді шешу үшін Үкімет арнайы комиссия жасақтағанын айтты. Онда мердігерлерді конкурс арқылы анықтау мәселесі емес, жұмыссыздық, импорт алмастыру мәселелері қарастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға